Студенттердің жобасымен салынған Piano House

0
1326

Piano House (Фортепиано үйі) – Қытайдың Хуайнань қаласындағы фортепиано мен скрипка пішіндес ғимарат. Бір қызығы, 2007 жылы қонақтарға есігін айқара ашқан ғимараттың музыкаға еш қатысы жоқ. Hefey University of Technology студенттерінің және Huainan Fangkai Decoration Project Co сәулетшілерінің жобасымен салынған ғимаратта көрме орталығы орналасқан. Туристер скрипка пішіндес қосалқы ғимараттағы эскалатор мен баспалдақ арқылы көрме орталығы орналасқан фортепиано пішіндес ғимаратқа өтеді. Көрме орталығынан қаланың аудандары мен көшелерінің макетін тамашалауға болады. Ғимарат туристерді тарту мақсатында қала билігінің тапсырмасымен салынды. Ең бастысы, қала билігі көздеген мақсатына жетті. Бүгінде ерекше ғимаратты тамашалау үшін қалаға туристер көптеп келеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here