Еліміз бойынша тұңғыш университет жаһандық рейтингте көш бастады

0
877

Кеше, 1 маусымда әлем елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындарын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес бағалайтын Times Higher Education ұйымы биылғы жылдың нәтижелерін жариялады. THE Impact Ranking-2023 жаһандық рейтингінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті екінші жыл қатарынан еліміздің жоғары оқу орындары арасында көш бастады.

Жаһандық әсер ету рейтингіндегі жалпы есепте ұстаздар ұстаханасы өткен жылғы нәтижесін бекітіп, жалпы ұпайды 57,3-тен 59,8-ге дейін жақсарта отырып, 601-800 позициясын иеленді. Былтыр рейтингке 1410 жоғары оқу орны қатысса, биыл бұл көрсеткіш 181-ге артып, әлемнің 112 мемлекетінен 1591 университет қатысты. Соның ішінде 15 отандық университет те бар.

Times Higher Education Impact Rankings әдістемесі бойынша жалпы ұпай ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» (жалпы ұпайдың 22%-на дейін құрайды), сондай-ақ деректер берілген басқа ТДМ-ның ең мықты үшеуі бойынша (олардың әрқайсысы жалпы ұпайдың 26%-на дейін құрайды) қалыптастырылады.

Биыл Абай атындағы ҚазҰПУ барлық 17 ТДМ бойынша рейтингке ие болды, олардың 4-і жалпы ұпайға кірді:

  • ТДМ 5 – Гендерлік теңдік. Позиция – 1081 университеттің 201-300-і, ТДМ бойынша ұпайы – 60.5, жалпы рейтинг ұпайының 26%-ы. Ең жоғары мәнге ие көрсеткіш – Әйел аға оқытушылардың үлесі – 99,5%, ең төменгі көрсеткіш – Бірінші буындағы студент қыздардың үлесі – 10,9%.
  • ТДМ 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау. Позиция – 568 университеттің 101-200-і, ТДМ бойынша ұпайы – 60.5, рейтингтің жалпы ұпайының 26%-ы. Ең жоғары мәнге ие көрсеткіш – Жерге сезімтал қалдықтарды көму/жою – 94,4%, ең төменгі көрсеткіш – Осы саладағы зерттеулер – 10,8%.
  • ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар. Позиция – 910 университеттің 401-600-і, ТДМ бойынша ұпайы – 56.7, рейтингтің жалпы ұпайының 26%-ы. Ең жоғары мәнге ие көрсеткіш – Университет басшылығы қабылдайтын шаралар – 84,7%, ең төменгі көрсеткіш – Осы саладағы зерттеулер – 14%.
  • ТДМ 17 – Тұрақты даму мүдделеріндегі Серіктестік. Позиция – 1625 университеттің 801-1000-ы, ТДМ бойынша ұпайы – 47.6, жалпы рейтинг ұпайының 22%-ы. Ең жоғары мәнге ие көрсеткіш – Мақсатты қолдау қатынастары – 87,8%, ең төменгі көрсеткіш – Осы бағыттағы зерттеулер – 26,1%.

95 жылдық тарихы бар Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орнының беделді жаһандық рейтингте осылайша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуі әлемнің үздік университеттерімен бәсекеге түсіп, әлемдік стандарттар мен заманауи талаптарға сай жоғары білім беретінін білдірсе керек.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here