ЕҚЫҰ заң шығарушылары Парламенттердің рөлін талқылады

0
273

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің бастамасы бойынша «ЕҚЫҰ аймағында Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу: парламенттік перспектива» тақырыбында веб-диалог өткізді.

Парламентшілер алдында ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Маргарета Седерфельт, Өзбекстан Республикасы Сенатының спикері Танзила Нарбаева, ДДҰ Аймақтық өкілі Ханс Клюге, БҰҰДБ Еуропа мен ТМД жөніндегі Аймақтық бюросы басшысының орынбасары Бен Слей, ЕҚЫҰ Бас хатшысы кеңсесінің директоры Лука Фраттини сөз сөйледі.

ЕҚЫҰ ПА ОДМ жөніндегі арнаулы өкілі Асқар Шәкіров өз баяндамасында 2030 жылға қарай қойылған мақсаттарға қол жеткізу кестесі белгілі бір түзетуді талап ететінін атап өтті. COVID-19 пандемиясы кезінде байқалған өскелеңдік қарқын төмендеді, ал кей жағдайларда ондаған жылдар бойы қол жеткен нәтижелер тұралап қалды.

«ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы бізге ОДМ іске асыру саласындағы ұлттық тәжірибеміз бен алған сабақтарды, сондай-ақ ОДМ іске асыру мерзімдерін сақтау үшін біздің қадағалау және заң шығару міндетімізді жақсырақ жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды ақпаратпен алмасудың бірегей платформасын ұсынады», – деп деді вице-спикер.

Осыған байланысты әрбір Парламентте Мақсаттардың ресми мәртебеге ие болуы үшін барлық күш-жігерді жұмсау ұсынылды.

Сенатордың пікірінше, Орнықты даму саласындағы мақсаттар бүкіл әлемдік қоғамдастыққа ортақ әрі бөлінбейтімен сипатталады. Халықаралық қауіпсіздік осы қағидаттарға негізделеді. Осыған байланысты Украинадағы жағдайдың шиеленісуі ЕҚЫҰ аймағындағы орнықты даму барысында ауыр зардаптары болуы мүмкін.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ЕҚЫҰ 2010 жылғы саммиті қабылдаған өзара сенім негізінде өзара түсіністікті көздейтін бөлінбестік пен ортақ қауіпсіздік қағидатын ұстанатынын мәлімдеді. Ол екі мемлекетті диалогты жалғастыруға және бейбіт жолмен реттеуге барынша күш салуға шақырды», – деп атап өтті қазақстандық парламентші.

Орнықты даму мақсаттары Қазақстанның стратегиялық құжаттарына 80%-ға интеграцияланып отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Орнықты даму мақсаттары бойынша еліміз өткен жылмен салыстырғанда Прогресс индексіндегі рейтингін 6 тармаққа жақсартып, 166-ның ішінен 59 орынға ие болды.

Веб-диалог аясындағы талқы ОДМ тақырыбын неғұрлым белсенді талқылау, оларды іске асыруға орай парламенттерді кешенді үрдістерге тарту, үздік тәжірибені зерделеу мен алмасу қажеттігі туралы ЕҚЫҰ парламентшілері көзқарастарының бірлігін көрсетті.

Шараға Сенат депутаттары Ақмарал Әлназарова мен Ғұмар Дүйсембаев қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here