«Қазақ қызы – бүгінгі студент, ертеңгі ана»

0
853

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Студенттер үйінде «Қазақ қызы – бүгінгі студент, ертеңгі ана» атты қазақ қыздарының ұлттық мәдени-рухани байлығын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Педагогика және психология институты, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Төлебаев Деңгелбайдың ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел спорттық және мәдени шаралардан құралып, университет студенттік үйінің студенттері, студенттік кеңес төрайымы мен мұшелері, ғылыми кітапхана мамандары, Педагогика және психология институты директорының орынбасары Адасқанова Жадыра Кайратқызының қатысуымен өтті.

Ғылыми кітапхана «Ұлы дала арулары» көрмесін, студент «Мен бәрін өз қолыммен жасаймын» көрмесін ұсынған болатын. Сонымен қатар, қыздар құқықтарын қорғау мәселесінде сұрақ-жауап өткізіліп, тоғызқұмалақтан жатақхана студенттері арасында сайыс өткізілді.    

Шара соңында Жадыра Кайратқызы әр бағыт бойынша белсенділік танытқан студенттер мен шараны ұйымдастыруға қатысқан мамандарға алғыс білдірді. Студенттер Жақсылық Балнұр, Ержан Айман, Қырғызбай Дилназ, Милялканова Манлық, Ислам Меруерт, Ақмалова Малика, Шораханова Ақниет, ғылыми кітапхананың сектор меңгерушісі Алмекеева Назира марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here