Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Халықаралық Тараз инновациялық институтымен бірлесе түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша аралас форматта «Жас түлек-2022» атты кездесу өткізді.
Іс-шарада Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламаларын кеңінен түсіндірді.
Тараз қалалық №38 орта мектебі, «Қазфосфат» ЖШС, Тараз қалалық «БанкЦентрКредит» АҚ-ның өкілдері түлектерді бос жұмыс орындарына шақыратынын жеткізді.