Димаш Құдайберген көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты

0
339

Өткен аптада, 15 сәуірде Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жұрт көп жиналды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген Dears (әншінің фанаттары) Чех Республикасында өзінің алғашқы жеке концертін өткізуге келген Димаш Құдайберген мен оның командасын ыстық ықыласпен қарсы алды. Бұл туралы DimashNews порталы хабарлады.

Ақпарат құралының жазуынша, чех жанкүйерлері Димаш Құдайберген мен қымбатты қонақтардың кездесуін ұйымдастырды. Ұлттық чех костюміндегі Dears қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды. Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары табыс етілді. Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа көліктің шатырына шығып, қолтаңба таратуына тура келді. Әйгілі әнші жанкүйерлерімен сөйлесіп, оларға жылы қабылдағандары үшін алғысын айтты.

Айта кетейік, ұлт мақтанышы Димаш Құдайбергеннің «ARNAU» концерттік туры аясында әншінің жеке концерті 9 сәуірде Дюссельдорфта (Германия), 16 сәуірде Прагада (Чех Республикасы) өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here