Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияда қалай айқындалады?

0
900

Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай Тұңғыш Президенттің Ата заңдағы мәртебесі туралы айтып берді.

«Конституцияда 46-бап болмайды, ал 91-бапта Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деген сөз ғана қалады. Басқа ешқандай сөз жоқ. Қазіргі Конституцияда Тұңғыш Президент Конституциялық кеңестің мүшесі бола алады деген бап бар. Бірақ, Конституциялық сот саяси орган саналады. Енді Конституциялық сот болған кезде ол жерде нағыз мамандар, заңгерлер отыруы керек. Сол үшін бұрынғы Президенттер мүше, судья, сот бола алмайды. Яғни, өкілеттігі жоқ», – деп түсіндірді Бақыт Нұрмұханов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here