Ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні

0
621

23 cәуір күні Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының «Ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» мерекесі аталып өтті.

Бас консул Али Рыза Акынжы мерекемен балаларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 102 жылдық тарихы бар мерекенің бастауы Түркия Республикасының Тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік қатысуымен 1920 жылдың 23 сәуірі Түркияның Ұлттық Мәжілісі бірінші жұмыс отырысы ашылған. Сол күні түрік халқының егемендігі жарияланған. Мұстафа Кемал Ататүрік бұл күнді балаларға тарту етіп, ұлттық мереке ретінде аталып өте бастаған. 

Шараның өтуіне қолдау білдірген Қазақстан және Түркия кәсіпкерлер одағының басқарма төрағасы Жем Жеритші: «Түркияның ұлттық көшбасшысы Ататүрік бүгінгі балалардың – ұлт болашағы екендігін айтты. Содан бұл күн елдің балаларға деген шексіз сенімі мен зор сүйіспеншілігінің көрінісі ретінде аталып өтеді. Соғыс пен түрлі алапаттан аман қалған балалар өз отанымен бірге бақытта да қуанышты өмір сүрсін деген ниеттегі мұндай мерекелік іс-шаралардың маңызды зор», – деп пікірін білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here