Бүгін, 5 маусымда референдум барысында Қазақстан тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауысын береді.
Республика бойынша 10 013 референдум учаскесі іске қосылды. Ал, республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 722 536 адамды құрайды. Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктеріміздің жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды.
Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.