Қазақстанда вейп шегуге және сатуға тыйым салынады

0
204

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда вейп сату мен шегуге заңмен тыйым салынатынын хабарлады. Депутаттар мұндай түзетуді денсаулық сақтау туралы кодекске енгізбек.

«Қазақстанда вейп сату мен пайдалануға тыйым салатын түзетулерді енгізу туралы шешім қабылдадық. Шегетін қоспалар, сұйықтықтар, газдар – олардың бәрін тұтынуға Қазақстанда рұқсат етілмейді», – деді Аманжан Жамалов.

Депутат шылым стиктеріне темекі акцизінің 70 пайызы мөлшерінде акциз енгізілетінін де мәлім етті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here