Кәсіп ашу үшін азаматтарға берілетін мемлекеттік грант сомасы артты

0
233

Биыл кәсібін ашуға ниетті адамдар үшін мемлекет тарапынан берілетін грант сомасы артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекенов хабарлады.

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың сомасы биыл 200 АЕК-тен (636 000 теңге) 400 АЕК-ке (1 225 200 теңге) дейін өсті. Бұл қаражатты азаматтар қайтарусыз, өтеусіз негізде алады. Грант бағдарламаға қатысушыларға тек бір рет қана беріледі», – деп түсіндірді Бақыт Бекенов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here