Бес миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

0
571

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы жоспар бойынша 5 млн гектар бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы мерзімінен бұрын орындалғанын, жер инспекторларының тексеру нәтижелері бойынша 1,8 млн гектар жерді иелері ұзақ уақыттан кейін игере бастағандарын хабарлады.

«Тексеру саны былтырмен салыстырғанда 8 есе өсті. Бұған жерді тексеруге мораторийді алып тастаудың арқасында қол жеткіздік. Кезінде заңсыз берілген, «жұмыс істемеген», яғни ел экономикасына пайда әкелмеген учаскелерді анықтадық. Өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар бұл жұмысқа әрдайым және барлық кезде қатыспағанын да айту керек», – деп жазды өзінің Facebook парақшасында Ербол Қарашөкеев.

Министрдің жазуынша, 2023 жылы тағы 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтару міндеті бар. Министрлік бұл міндетті мерзімінен бұрын, яғни қазірден бастап орындай бастайды. Бұл орайда Ербол Қарашөкеев тексеруден ешкім құтылмайтынын ескертті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here