Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов хабарлады.
«Вашингтонда, Нью-Йоркте және Оттавада сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру басталды. Сан-Францискодағы тағы бір учаске уақыт белдеуін ескере отырып, кешірек астана уақытымен сағат 21.00-де ашылады»», – деп нақтылады Шавкат Өтемісов.
Жалпы шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанында 68 учаске ашылған болатын. Оның бірнешеуінде дауыс беру аяқталды.