Кәсіпкерлер этнотуризмді қалай дамытады?

0
2206

Шағын және орта бизнес бүгін жаңа даму кезеңіне түсті. Кәсіпкерлер өз ісін дамытуға тын мүмкіндіктерді іздеп, тұтынушылары секілді этнотуризм саласын таңдайды. Себебі, халық дәстүрлерімен оларға тән ортада танысу бүгін отандастарымыз арасында жоғары сұраныстарға ие.

Қазақстандық «Байтақ жер» жобасы кәсіпкерлікті дамытатын, жаңа идеяларды қолдайтын және табысты бизнес ашылуына септігін тигізетін алаңға айналды. Эко-, этно-, агротуризмнің дамытуына бағытталған бұл жоба 2022 жылдан бері Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Ақмола облысының аймағында жүзеге асырылады және қазақстандықтар арасында танымал болды. Өткен жылы жобаның алты қатысушысы пайызсыз қарыздарды жеңіп алып, өз жобаларын дамытты. Биыл 73 кәсіпкер жобаға қатысуға ниетін білдірді, олардың 40 адамы оқыту бағдарламасына және қарыздар байқауына қатысуға таңдалды.

Ірімшік жасаудан кафеге дейін

Іріктелген кәсіпкерлер арасында Көкшетау қаласының тұрғыны Эльвира Мұқашева. 2019 жылы сүзбе дайындауды әуесқой ретінде бастаған Эльвира бүгінде 20-дан астам жұмсақ ірімшік түрін дайындайды, олардың ішінде буррато, моцарелла, халуми. Жаз кезінде оларға ешкі сүтінен жасалатын сулугуни, фета қосылады.

Жеке меншік сүт фермасына иелік етпейтін Мұқашевтар сенімді өндірушілерден сүт сатып алады. «Байтақ жер» жобасы аясында берілетін қарызды Эльвира өз өнімдерін сертификатталуға,  ісін кафеге айналдыруға жіберуді жөн көреді.

«Осындай сұраныстар баяғыдан бері тұтынушыларымыздан түседі, алайда идеяны өмірге келтіруге қаражатымыз жеткіліксіз. Жобаға қатысып, жаңа білімдерін жинаумен қатар өз командамызды құрдым. Енді күйеуіммен, балаларыммен қатар ісімізді сатушы және технолог дамытып жатыр», – дейді Эльвира.  

Басқа оқыту курстарына қатысқан Эльвира ендігі бағдарламаның тәжірибелік пайда мен жеке жұмыстарына негізделетінін айтады. Оның сөзінше, «Байтақ жер» арқасында ол агротуризм жайлы алғашқы білімдерін жинап, оны туған қаласында дамытпақ.

Киіз үй өндірісі

Экономист білімі бар Целиноград ауданының тұрғыны Алтынай Тәңірберген этнограф мамандығын меңгеруімен қатар сүт өнімдерін шығару идеясымен жобаға келді.

«Отбасылық кәсіпкерлікпен айналысамыз, өзіміз сүт өнімдерін әзірлейміз. Жұмысымызға екі әйел жәрдемдеседі. Жем бағалары жоғары болғандықтан қазір табыссыз жұмыс істейміз. Инкубацияның бірінші күні өткен соң ісіміздің табысын санап, киіз үйлер жасауға бет бұрдым», – дейді ол.

Бұл өнермен өткен уақытта айналысқан Алтынайдың сөзінше, қазақстандықтар киіз үйлерді шетелде сатып алады. Себебі, жоғары сұранысқа қарамастан елімізде өндірушілер жоқ.

«Этнограф ретінде басқа халықтар жасаған киіз үйлерді өзімізге бейімдеу талпыныстарды көріп отырмын, алайда бұл жол әркезде жақсы нәтижелерге әкеледі деп айта алмаймын. Қыркүйекте елордамызда V Халықаралық көшпенділер ойындары өтеді. Қазір іс-шараның жоспары құрылып жатыр, бұл ойындар өткізу аясында киіз үйлерді отанымызда өндіру өз өзектілігін жоғарылайды», – деп есептейді Алтынай.

Өткен жылы Алтынай отбасымен бірге Ақмолда көшпенділер тұрағын ұйымдастырып, қонақтарды үй жануарларға дұрыс қарауды үйретіп, аттарға мінгізді. Қазір Тәңірбергеновтардың отбасылық ісі этноауыл, аттар клубы, бөдене фермасынан тұрады.

Спорттық балық аулаудың дәріптеушісі

Ерейментау ауданында тұратын Елдос Оспанов 2001 жылдан бастап Тойған көлін жалға алып, тұқыларды аулау үшін өсірген. Соңғы алты жылдың ішінде өз ісін спорттық балық аулауға бағыттап, көлде әртүрлі жарыстарды ұйымдастырады. 2022-2023 жылдары ҚР спорттық балық аулау Федерациясымен бірлесіп, республикалық карпфишинг чемпионатын өткізді, шілдеде Азия чемпионатын өткізбек. «Байтақ жер» жобасы аясында өткізілген алғашқы кездесу кәсіпкердің маркетингтік стратегиясын өзгертті.

«Трендте, диджитал болу керектігін бірден түсініп, ісім бойынша сайтқа тапсырыс бердім. Интернеттегі парақшамыз арқылы балықшылардан түсетін өтінімдерді жинап алып, сұрақтарына жауап беруге, көл аймақтары бойынша тапсырыстар қабылдауды жоспарлаймын. Басқа идеялар да пайда болды», – дейді 55-жастағы Елдос.

Жоба бойынша қарыз алу кәсіпкерге жоспарларын орындауға септігін тигізіп, балықшылар арасында Бөгенбай батыр белбеуіне жарыс өткізуге, ісін дамытуға көмектеседі.

«Байтақ жер» жобасының оқыту бөлімінің басшысы Татьяна Хасанованың сөзінше, жобаның І кезеңіне қатысушыларымен салыстырғанда бұл жылдың қатысушылары едәуір тәжірибеге көп көңіл бөліп, қомақты жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Олардың орташа жасы 46+, бұл – өмірлік мол тәжірибенің көрсеткіші.

«Биыл инкубация екі бөлімнен тұрады, алайда негізгі білім мөлшері өзгерілмеген. Бағдарламаның өзгеретін бөліміне қатысушылардан түскен сұраныстары бойынша сарапшыларды шақырамыз. Тәлімгерлердің құрамы да ұлғайып, туризм, экономика, маркетинг салаларында еңбек ететін мамандардан құралады. Шағын топтарға қолдау көрсету арқылы тәлімгерлер қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, істерінің қарқынды дамуына септігін тигізеді. 5-7 адамдардан құралған шағын топтардағы жұмыс сонымен қатар онлайн оқыту кезінде жиналған білімдерді қолдануға, басқаларға мәселелерін шешуге көмектеседі», – дейді Татьяна Хасанова.

«Байтақ жер» жобасы қатысушыларының, мысалы ОАЕҚ және «Шеврон» компаниясының бастамасы Үкіметтің қызығушылығы бар азаматтардың тығыз байланысында жұмыс жүргізу нәтижесінде Қазақстанда эко- және этнотуризм саласындағы кәсіпкерлікті жүйелі негізінде дамытуға өз септігін тигізеді. Жоба қатысушылары қаржылық көмекпен қатар жаңа білімдерді меңгеріп, командасын жинап, өз ісін дамыту арқылы жергілікті қауымдастықтарға пайда әкеліп, нарықтағы ұсыныстардың сан алуандығын ұлғайтады.

Елена Гаркава

«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org

______________________________

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here