Exit poll: Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен жеңді

0
429

20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауы кезінде Еxit poll әдістемесі бойынша жүргізілген сауалнамалардың алғашқы қорытындылары мәлім болды.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша сауалнама жүргізген «Ашық қоғам» өңірлік зерттеулер халықаралық институтының мониторинг нәтижесін жариялады.

«Ашық қоғам» өңірлік зерттеулер халықаралық институты жүргізген Exit-poll нәтижесі: Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%; Мейрам Қажыкен – 2,23%; Жигули Дайрабаев – 3,33%;  Қарақат Әбден – 2,54%;  Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%;  Нұрлан Әуесбаев – 2,17%;  Бәріне қарсымы – 5,2%.

«AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жүргізген Еxit poll нәтижесі: Қасым-Жомарт Тоқаев – 85,52%; Жигули Дайрабаев – 2,67%; Қарақат Әбден – 2,61%; Мейрам Қажыкен – 2,43%; Нұрлан Әуесбаев – 1,93%; Салтанат Тұрсынбекова – 1,44%, Бәріне қарсымын – 3,4%.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ өздері жүргізген Exit poll нәтижесі: Қарақат Әбден – 2,84%;  Нұрлан Әуесбаев – 2,38%; Жигули Дайрабаев – 3,68%; Мейрам Қажыкен – 2,62%; Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%; Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %; Бәріне қарсымын – 4,22%.

Сонымен, үш Exit poll қорытындысы да үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауында айқын басымдықпен жеңді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here