2023 жылдың бірінші жартысында Мәжіліс таратылады

0
146

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысынан кейін Парламент сайлауының қашан өтетінін айтты.

«Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартысында өтеді. Мұны Президент жариялады. Әрине, сол сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент қашан сайлауды жариялайтынын күту керек», – деді спикер.

Сондай-ақ, сайлаудан кейін Үкімет қалай жасақталатыны туралы пікір білдірді.

«Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады. Ауысқанда, жаңа құрам жасақталады. Осы Үкімет қала ма, жаңа Үкімет бола ма, ол туралы Президент шешім қабылдайды», – деді Ерлан Қошанов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here