Енді Медеу шатқалына автобус жиі қатынайды

0
655

Енді Алматының Медеу шатқалына қатынайтын автобус жиі жүретін болады. Бұл туралы қала әкімдігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы таратқан мәліметке сенсек, тау-шаңғы маусымының ашылуына байланысты 26 қарашадан бастап №12 автобус бағытының жұмысы күшейтілді.  Енді бұл бағыт бойынша 10 минуттық интервалмен демалыс күндері 20, жұмыс күндері 16 автобус жолға шығады. Бағыт «Алматы-2» темір жол бекетінен басталып, Абылай хан даңғылымен жоғары көтеріліп, Абай даңғылымен жүріп, «Медеу» мұз айдынына дейін барады. «Медеуден» соңғы автобус түнгі сағат 00:30-да шығады.

Айта кетейік, 26 қарашада «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде тау шаңғысы маусымы ресми түрде ашылды. Онда сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here