Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты аясында Беларусь елінен келген әскери сарапшылар тобы аталған ауданға инспекция жүргізді.
Беларусь өкілдері Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясының тікұшағымен Ақмола және Қарағанды облыстарын айналып ұшып өтті. Сондай-ақ, инспекторлар елордалық десанттық-шабуылдау құрамасына және Қарағандыдағы авиация базасына да барды.
Инспекция өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайында өтті. Беларусь тобы қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін атай келе, жұмыста көрсеткен көмегі үшін Қорғаныс министрлігіне ризашылығын білдірді.
Инспекторлар Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындағанын атап өтті.