KazNARU басшысы Ақылбек Күрішбаев – «2024 жылдың үздік ректоры» атанды

0
3225

Польша Республикасындағы WallStreetBets (WSB) Академиясы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлын «2024 жылдың үздік ректоры» атағымен марапаттады.

Сертификатты номинантқа WSB Академиясының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, доктор Рафал Рембилас табыстап, бұл мәртебелі атақ KazNARU басшысы А.Қ.Күрішбаевқа ғылым мен жоғары білімді дамытудағы үздік жетістіктері үшін және екі елдің ғылыми қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін берілгенін атап өтті.

Өз кезегінде, KazNARU ректоры Ақылбек Күрішбаев университеттің поляк серіктестерімен орнатылған ынтымақтастығының маңызды бағыттарына тоқталып, жоғары білім және ғылым саласында бірлесе атқарылған белсенді жұмыстарға ризашылығын білдірді.

Кездесу аясында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша бірлескен білім беру жобаларын іске асыру; менеджмент және іскерлік әкімшілік саласында екі дипломды білім беру бағдарламаларын құру; цифрландыру және ақпараттық технологиялар, ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен қолданбалы зерттеулер саласын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы ортақ пікірге келді және бірлескен білім беру бағдарламалары туралы Меморандумға қол қойды.

Кездесуге КazNARU басшылығы мен ғалымдары қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here