«Дарын» сыйлығының лауреаттары мараптталды

0
364

Кеше, 8 желтоқсанда Астанада «Жаңа белестегі жастар» форумы аясында ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Министр Дархан Қыдырәлі қатысушыларды құттықтап, сыйлықты тапсыру олардың ел дамуына қосқан құнды үлесін мойындау екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» сыйлығы түрлі салаларда 10 номинация бойынша беріледі. 1992 жылдан бастап еліміздегі 300-ден астам дарынды жас аталған сыйлықтың иегері атанды. Осы жылдар ішінде жобаға бірқатар түзетулер енгізілді, бұл айтарлықтай оң өзгерістерге әкелді. 2022 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаттары болып 19 жас азамат атанды.  Барлық жеңімпазға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы, әр номинация бойынша диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы беріледі.

Биыл «Эстрада» номинациясында Құснадин Ақбота, Омаров Нұртас, «Классикалық музыка» номинациясында Расылхан Шыңғыс, Алтынбек Әйгерім, «Халық шығармашылығы» номинациясында Сәденов Таңат, Қамажан Аяулым, «Әдебиет» номинациясында Талапов Шерхан,  Төлтай Файзолла, «Театр және кино» номинациясында Серікболова Назерке, Әбіл Мирас, «Спорт» номинациясында Асаубаева Бибісара, Әбдімәлік Жансая, «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясында Төлеп Алмас, Жабағин Арнұр, «Журналистика» номинациясында Әбделиев Шерхан, «Қоғамдық қызмет» номинациясында Набиева Оксана,  Жұмырбаев Тимур, «Ғылым» номинациясында Егізбек Камила, Машуров Фарух топты жарды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here