Мүгедектігі бар сайлаушыларға жағдай жасалады

0
967

Жұма күні Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

Анастасия Геннадьевна Орталық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асырып жатқанын хабарлады. Мәселен, 2021 жылдан бастап Орталық сайлау комиссиясы отырыстарының трансляциясы, сондай-ақ барлық ақпараттық бейне материалдар сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Ал, былтыр президенттік сайлауда алғаш рет Брайль қарпін пайдалана отырып, трафарет жасалды.

«Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруіне жағдайлар жасау жөніндегі жұмыс шеңберінде сурдоаудармашыларды, оның ішінде онлайн режимде тартады, дауыс беру күні инватакси қызметтерін және жеке көмекшілердің қызметтерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ОСК жергілікті атқарушы органдарға мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін тексеруге белсенді тартуды ұсынады», – деп нақтылады Анастасия Щегорцова.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here