АҚШ Тоқаевтың батыл реформаларын қолдайды – Энтони Блинкен

0
112

Әлемдік мәселелерді шешуде Қазақстанның өзіндік ерекше орны бар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтты.

«АҚШ тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформаларын қолдайды. Бұл орайда біз Қазақстан қабылдайтын шаралар мен атқаратын жұмыстарды бақылап отырамыз. Әсіресе, адам құқығын қорғау, жемқорлықты жою мен президенттік мерзімге қатысты жүргізіліп жатқан реформаларын атап өткім келеді. Бұл бағыттағы өзгерістер Қазақстанға инвестиция құюға қолайлы ел ретінде көрсетеді. Біз 1991 жылдан бері Қазақстан экономикасына 50 млрд доллардан астам ивестиция құйдық. Алдағы уақытта АҚШ-та тікелей ивестиция бағыттауға ниетті. Сонымен бірге, Қазақстан әлемдік мәселелерді шешуде өзіндік ерекше орны бар серіктес ел екенін айта кеткен жөн. Мәселен, ядролық қарудың таралуын тоқтату, бітімгерлік операцияларға қатысу, сондай-ақ ғарыш кеңістігін зерттеудегі үлесі айырықша», – деді Энтони Блинкен.

Америкалық дипломаттың айтуынша, бүгін Астанада өткен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуінде экономика, энергетика, экология және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here