Сенаторлар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісімді талқылады

0
505

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Шарт құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара түсіністік пен егемендікті құрметтеу негізінде құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. 

Заң Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here