Осы айдың соңында «Ashyq» жобасы әуежайларда, теміржол бекеттерінде енгізіледі

0
225

Бүгін, 15 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы маусым айының соңына дейін «Ashyq» жобасы әуежайларда, теміржол бекеттерінде енгізілетінін айтты.

«Бүгінде «Ashyq» жүйесімен қызметтің барлық саласындағы 10 мыңнан астам нысан қамтылған. 2 млн 100 мың қолданушы тіркелген. Вакцинация паспортын «Ashyq» қосымшасымен ықпалдастыру жүргізіліп жатыр. Маусым айының соңына дейін «Ashyq» жобасын әуежайларда, темір жол бекеттеріне енгізу жоспарланып отыр. Осы ретте айта кетерлігі, «Ashyq» жобасы енгізілген сәттен бері ПТР тестілеудің оң нәтиесімен 4 401 адам және байланыста болған 3 981 тұлға анықталды», – деп түсіндірді Алексей Владимирович.

44 жастағы министрдің айтуынша, кейбір азаматтар ауру екенін және вирусты жұқтырып алғанын біле тұра үйде оқшаулану режимін сақтамайды. Адамдар көп баратын нысандарға барып, елдің ішінде жүріп-тұруға ұмтылады. Сол арқылы төңірегіндегі адамдарға қауіп төндіреді. Осыған орай министрлік ереже бекітіп, ол күшіне енді. Енді карантин режимін бұзушылар айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оның көлемі 87 мың теңдеген асып жығылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here