Бәйтерек ауданында «Алтын орда» этно ауылы ашылды

0
355

1 қазан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бәйтерек ауданы әкімдігінің қолдауымен, Бәйтерек мәдени-демалыс орталығына қарасты «ШЫҢ» сазды-драма театрының ұйымдастыруымен «Алтын орда» этно ауылы ашылды.

Шара мақсаты рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, көне бұйымдар арқылы жастардың ұлттық сана сезімдерін ояту, туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, қоғамды ұлттық құндылықтарды бағалауға шақыру.

Шараға қонақтары этно ауылдың алдына орналасқан аудан қолөнер шеберлерінің көрме-жәрменкесімен танысып, мәдени кешенде орналасқан қазақтың тұрмысын көрсететін театрландырылған көріністі тамашалап, медресе, ұстахана, мәжіліс орны, Хан ордасына экскурсия жасап, ұлттық дастарханнан дәм татты. Шарада аудан әкімі Марат Тоқжанов және қонақтарға сөз берілді.

«Шың» сазды-драма театры актерлерінің қатысуымен тарихи қойылым көрсетіліп, халық назарына ұсынылды.

Жоба авторы және қоюшы бас режиссер Әліби Жанабилов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here