Қош бол, ұстаз! (Серік Қирабаевпен қоштасу)

0
1356

Өзі тәтті, діні қатты өмір – Алла Тағаланың адамға берген сыйы ғана емес, тағдырдың аса ауыр сыны. Сол сында сынбаған, өзінің емес ең алдымен халқының қамын ойлаған терең ойлы тектілер ғана тұлға атты биік тұғырға көтеріледі. Тұлғасы жоқ ел – тұл. Серік Қирабаев өзінің шыншыл, сыншыл ойымен ұлттық әдебиетіміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ай маңдай алыптарымыздың бірі еді. Үлкен де, кіші де ол кісіні Сераға деп құрметтеді. Ол бүкіл саналы өмірін әдеби сынға арнады, талай талантқа ұлағатты ұстаз болды. Мен де Серағаңның көп шәкірттерінің бірімін.

Әдебиетке келген алғашқы сәтімнен бастап Серағаң әрбір жаңа шығармама қуанып, ағалық ақ тілегін айтып та, жазып та жүрді. Сол көп мақалаларымның ішіндегі «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы жайлы жазған талдауы көптің көңілінен шықты. 1966 жылы М.Әуезов театрында өткен шығармашылық кешімде кең тынысты, кемел ойлы баяндама жасады. Менің де ұстазым еді. Көзден кетсе де көңілден кетпейді Серағаң.

Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісі».

Қош бол, ұстаз.

Жаныңыз жанатта болсын. Қабіріңіз нұрға толсын.

Сәбит Досанов

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here