Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

0
384

4 қарашада Бурабай ауданының Қатаркөл ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы өтті. Нысанның ашылуы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражмен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Бекеттің жарағында өрт сөндіру автомобилі тұрады, сондай-ақ тәуліктік жауынгерлік кезекшілікке бекеттің жеке құрамы, соның ішінде ауыл тұрғындарының ішінен 4 адам мөлшерінде жүргізуші кірісті.

Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекетінің командасы өртке шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектеседі, халыққа көмек көрсетеді, белсенді алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

«Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық округтер мен жалпы аудан тұрғындары үшін техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілі болатыны сөзсіз. Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне төтенше жағдайларға аз шығуды және жедел ден қоюды, ал ауыл тұрғындарына мықты денсаулық, жұмыста табыс және амандық тілеймін!»,- деді Ақмола облысы ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Ақмола облысының елді мекендерін өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес жыл басынан бастап 3 бекеттің (Атбасар ауданының Шуйское, Ақкөл ауданының Азат ауылында және Бурабай ауданының Қатаркөл ауылында) және 1 жоспардан тыс (Біржан сал ауданының Мамай ауылында) ашылуы, сондай-ақ, 2025 жылға дейін 6 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланғанын атап өту қажет.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here