Абай университетінің басшылығы «Болашақ» стипендиясы иегерлерімен кездесті

0
630

Озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Президент тапсырмасын орындауға Абай атындағы ҚазҰПУ да өзіндік үлес қосып жатыр.

8 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығының «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының иегерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған «Болашақ» бағдарламасының барлық жеңімпаздарына алғыс айтып, оларға алдағы уақытта да жеңістер мен биік белестерді бағындыруды тіледі. Ал, стипендия иегерлері университет басшылығына, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық департаменті ұжымына алғыстарын білдірді.

Еске салайық, университет тарихында алғаш рет 14 оқытушы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. «Болашақ» бағдарламасы оқытушылар мен студенттерге әлемнің үздік университеттерінде жаңа озық білім мен тәжірибе алуда зор мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту стипендиаттардың туған еліне оралған соң біздің жастарға беретін әлеуетін ашуға, жаңа білім алуға көмектеседі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here