«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы негізінде өткізілген курс

0
2389

Орта мектепте қазақ тілі пәнінен теориялык материалды жақсы ұғынып, меңгерген білімді тұрақтандырып, окушылардың ол туралы практикалык дағдысын қалыптастырудың бірден-бір жолы – сөйлем талдау.

Грамматикалык талдау – барлық тілдерді оқытуға бірдей қатысты ортақ проблема. Яғни, грамматикалық талдау – ана тілінен берілетін білім негіздерін саралауға, оны еске кайта түcipyге,  білімді баянды етуге бірден-бip мүмкіндік беретін тәсіл. Ол оқу материалдарының негізгі мазмұнын ipiктей білу мен оны қайта қорыту мақсатында оқу процесіндегі өзекті мәселенің бipi болып табылады.

Ұлы педагог К.Д.Ушинский грамматикалық талдауда түсініктілігімен, табиғи қарапайымдылығымен қатар қолданылатын синтаксистік, этимологиялық жене орфографиялық анықтамалар мен ережелер болуын, әрбір жаттығудан оқушы логикалық қорытынды шығаратындай болуын атап көрсеткен болатын. Сонымен катар ол талдаудың шәкірттерді жалықтырмайтындай болуын да ескертті.  Ұлы педагогтың бағытына сүйене отырып, Білім мазмұнын дамыту институты белгілі педагог, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының авторлық курсын ұйымдастырды.

Осының негізінде 2022 жылдың 1-ақпаны мен 11-ақпаны аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған « «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс барысында төл технология авторы Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы 110 мұғалімге дәріс оқып, семинар жүргізді. Қазақ тіл біліміндегі Фонетика, Лексика, Морфология, Синтаксис салаларын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы негізінде оқытуды үйретті.  Оқу материалдарының әрбір бөлім, тарау және параграф мазмұнына байланысты грамматикалық талдаудың жеке және тұтас жүйелі схема үлгілерімен талдап дағдыланған оқушыларға талдау жүргізу онша қиындыққа түспейтінін нақты дәлелдермен көрсетті.

Курсқа қатысқан мұғалімдер технологияның жан-жақтылығын түсініп, соның ішінде  көру арқылы қабылданған білім жадыда ұзақ сақталатынына көз жеткізді. Сонымен қатар,  қажетті тұста қайта жаңғыртып еске түсіруде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясындағы схеменың көмегін көрді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдың 21 желтоқсанында өткен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезінде: «Бүгін біз маңызды мәселені көтеріп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту сапасын ашық талқылап отырмыз. Егер бұл мәселелерді шешу жолдарын іздемесек, біз одан әрі дамымаймыз. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқулықтардың мазмұны, оқу бағдарламалары және жоғары оқу орындарында мамандар даярлау мәселелері. Өзекті сұрақтарды талқылау және шешу, сонымен бірге пәндерді оқыту сапасын арттыру өте маңызды» – деп, атап өткен еді. Министр айтқан сөздерді басшылыққа алып, Білім мазмұнын дамыту институты қазақ тілін Алаш арыстарынан бастау алатын төл технолгоия негізінде оқыту жұмыстарын бастады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here