Болат Өтемұратов қоры үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті

0
1414

Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды. Аманқарағай, Озерное және Лублинка ауылдарында тұратын 100 отбасыға көмек көрсетілді.

Болат Өтемұратов қорының Қазақстанның Қызыл Айымен және ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырған «Көмек картасы» жобасы аясында бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 100 млн теңгені құрайды. Бұл қаражат зардап шеккендерге алғашқы қажеттілік тауарларға кететін шығындарды өтеуге және жаңа үйлер салынып жатқан кезде лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысының Әулиекөл аудандық ауруханасында инсульт орталығын құруға 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді. Ал, Болат Өтемұратов қорының «Көмек картасы» жобасы 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде апаттардан зардап шеккен 11 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсету мүмкін болды. Осы жылдың басында «Көмек картасы» жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарының тұрғындарына жалпы сомасы 400 млн теңгеден астам атаулы материалдық көмек көрсетілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here