Президент сайлауына алғашқы кандидаты «Ауыл» партиясы ұсынды

0
757

30 қыркүйек күні 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысуға ниет білдірген бірінші кандидаттың есімі белгілі болды. Ол – Жигули Дайрабаев.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезінде алдағы президент сайлауына партия атынан түсетін үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевты ұсынды.

Айта кетейік, Жигули Молдахалықұлы – Жамбыл облысының тумасы. Рысқұлов ауданының Жалпақсаз ауылында дүниеге келген.  Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және жоғары ауыл шаруашылығы кешені мектебін тәмамдаған. Агроном ғалым.

1974-1995 жылдары – Луговской ауданында комсомол комитетінің нұсқаушысы, хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Каменский ауылдық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Әр жылдары Жамбыл атындағы колхоздың басшысы, Т. Рысқұлов ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, «Қорағаты» совхозының директоры,   Т. Рысқұлов аудандық статистика басқармасының бастығы, Шу ауданы «Бірлік» нан қабылдау кәсіпорнының директоры, Меркі ауданының «Казексим-Мерке» директоры, «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болды. Қазіргі қызметі – «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here