Максим Споткай – Сенат Аппаратының басшысы

0
503

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Споткай Максим Александрович Сенат Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Максим Споткай 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы – инженер-менеджер.

Әр жылдары «Nur Otan» партиясы Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясында қазақ тілі оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының м.а., «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры болып еңбек етті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС Медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау Республикалық қоғамдық штабы Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here