Кім өзін банкрот деп жариялай алады?

0
159

Жаңа жылда «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң күшіне енді. Бұл құжат қарызға белшесінен батып, кредитін қайтара алмай жүрген азаматтарға арналған. Заң бойынша банкроттық процедурасының үш түрі көзделген, атап айтқанда, соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Соттан тыс банкроттықтың шарттары:

  • берешек 4,9 млн теңгеден (1 600 АЕК) аспауы керек;
  • ресми кіріс болмауы шарт;
  • мүлік болмауға тиісті;
  • қарыз бойынша банкпен тиісті рәсімдерді жүргізуі қажет.

Осы санаттағы азаматтар сотқа жүгінбей өзін банкрот деп жариялай алады. Ал, сот арқылы банкроттық қарыз сомасы 4,9 млн теңгеден асқан жағдайда қолданылады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылады. Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге жұмсалады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны соттың банкроттық рәсімі кезінде алуға құқылы.

Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл процедура тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын қарастырады. Сауықтыру жоспары қаржы менеджерімен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы – азамат «банкрот» деген статус алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here