Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айлық есептік көрсеткіш пен ең төмен жалақы мөлшерінің артуына байланысты қазақстандықтар 2023 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қалай жарна төлейтінін түсіндірді.
Жарна мөлшері:
- жұмыс берушілер жұмысшылары үшін еңбекақының 3 пайызы;
- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде жұмыс істейтіндер табысының 2 пайызы;
- жеке кәсіпкерлер ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 900 теңге жарна төлейді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар:
- республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары 1 АЕК, яғни 3 450 теңге;
- өзге елді мекендердің тұрғындары 0,5 АЕК, яғни 1 725 теңге жарна төлейді.
Жеке төлеушілер үшін жарна мөлшері:
- ең төмен жалақының 5 пайызы, яғни 3 500 теңге.
Ескерту: 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді.