Волонтерлер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

0
922

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.

Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
– Көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер.
– Термос, қол шамы, қуат банкі.
– Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
– Қысқы киім (ересектер мен балалар үшін, маңызды – заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбыр жамылғысы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.

Сондай-ақ, қаржылық көмек келесі деректемелерге қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi – қосымшасында-төлемдер, қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.

Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here