ҚазҰАЗУ қазақстандық 8 үздік ЖОО қатарынан көрінді

0
900

2023 жылғы 22 наурызда Халықаралық QS World University Rankings by Subject 2023 Пәндік рейтингісінің қорытындысы жарияланды. Бұл маңызды рейтингте 54 пәндік бағыт бойынша 161 мемлекеттен 1594 ЖОО бақ сынасты.

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігінің пәндік рейтингтері әлемнің 93 елінде 1594 университеттің студенттері 54 пән мен бес кең ауқымдағы пәндік санат бойынша оқытатын 15 700-ден астам жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз салыстырмалы талдау арқылы анықталады. Олар әлемдегі ең үздік университеттер рейтингтерінің ‒ QS World University Rankings рейтингтік желісінің бөлігі болып табылады. 

 Осы рейтингке енген сегіз қазақстандық ЖОО арасында еліміздің жетекші аграрлық оқу орны саналатын Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті «Ауыл шаруашылығы және Орман ресурстары» (Agriculture and Forestry) бағыты бойынша 401-ден 301– 350-ге дейінгі позицияға көтерілді. 

ҚазҰАЗУ-дың QS by Subject рейтингіндегі тұғырын нығайту университеттің отандық және әлемдік озық ғылыми ұйымдарымен және әлеуетті жұмыс берушілермен жемісті ынтымақтастығымен байланысты. 

QS by Subject рейтингі университеттің академиялық беделін бағалайтын бес индикатор, түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми мақалаларына сілтеме жасау, олардың Хирш индексі және университеттің әлемге әйгілі ұйымдармен халықаралық зерттеу байланыстары негізінде шығарылады.

Халықаралық ынтымақтастықтың дамуы және жүйелі өсіп келе жатқан жарияланым белсенділігі зерттеу университетінің мәртебесін тағы бір рет дәлелдеп, таңдалған даму стратегиясының дұрыстығын көрсетеді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here