Бүгін – Чернобыль апатын халықаралық еске алу күні

0
551

Қазіргі адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат – Чернобыль атом электр станциясындағы апатына 37 жыл болды. Бұл оқиға 1986 жылы 26 сәуірде болды. Чернобыль трагедиясы миллиондаған адамдардың өміріне әсер етті. Жоғары радиациялық аймақ Польшада, Германияда, Австрияда, Румынияда және басқа елдерде тіркелген. КСРО-ның еуропалық бөлігіне таралған радиоактивті бұлт тіпті АҚШ, Канада және Жапонияға дейін жетті.

Апат салдарымен күреске отыз мыңнан аса қазақстандық қатысты. Ақмола облысының Вячеславка ауылында орналасқан химиялық қорғау полкінің бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, толық құрамда апат орнына жіберілді.

Сол кезеңде басқа одақтас республикаларда қызмет еткен қазақстандықтар да апаттың салдарын жоюға жұмылдырылды.

Өмірге аса қауіпті сынақта елден барған жауынгерлер өздерін нағыз патриоттар ретінде көрсете білді. Өз өміріне үлкен қауіп төндіре отырып, олар қауіпті іске қарай қадам басты.

Бүгінде ел аумағында Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан бес мыңға адам тұрады. Мұндай алпауыт апатпен алысқандардың ерлігі – бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелейтін антқа адалдықтың, батылдық пен батырлықтың жарқын үлгісі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here