Мария Захарова Қырымға байланысты қай елдерге ескерту жасады?

0
457

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық Одақ елдерінің билігіне Қырымға немесе оның көпіріне шабуыл жасаған жағдайда, ойланбастан Мәскеу кек алатынын жасырмай айтты. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер жазаның жойқын соққысына алып келеді.

«Мен Вашингтонға, Лондонға, Брюссельге Қырымға қарсы кез келген агрессивті әрекеттер сәтсіздікке ұшырап қана қоймай, сонымен бірге кек алу соққысы болатынын тағы да ескерткім келеді», – деп ашып айтты Мария Захарова.

Көрші ел министрлігінің ресми өкілі Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Дэвид Кэмеронның да Украинаның Ресейге шабуыл жасау үшін британдық қаруды қолдану құқығы туралы айтқан пікіріне түсініктеме берді. Мария Захарованың сөзінше, бұл Батыс елдерінің украиндықтардың қолымен Ресейге қарсы жүргізіп жатқанын алғашқы ашық мойындауы болып саналады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here