ҚазҰУ студенті халықаралық байқауда бірінші орын алды

0
543

ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің III курс студенті Аида Бегайдарова Қытай Халық Республикасының Шеньчжень қаласында өткен «Huawei Global Final ICT COMPETITION 2022-2023» халықаралық байқауында жүлделі I орын иегері атанды.

Huawei ICT Competition компаниясы ұйымдастырған байқаудың негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасу алаңында әлемдік ЖОО студенттерінің қарым-қабілетін көрсету.

А.Бегайдарова ҚазҰУ атынан Қазақстан құрамасы  қатарында байқауға қатысып, ел намысын қорғады. Байқауға 74 мемлекет пен аймақтардың 2000-нан астам университеті мен колледжінен келген 120 мың студент қатысты. Байқау аясында  қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімі мен тәжірибелік дағдыларын көрсетіп, жаңа технологиялар мен бағдарламаларды қолданудан бәсекеге түсті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here