Олимпиада ойындарында бестен артық алтын медаль алған 97 спортшы бар. Осы көрсеткіш бойынша АҚШ алдына ешбір елді салмайды. 30 америкалық спортшы кемінде бес дүркін Олимпиада чемпионы атанған. Екінші орында Германия тұр. Ұлттық құрама қоржынына кемінде бес Олимпиада алтынын 11 неміс спортшысы салған. Үздік үштікті үш ел қорытындылайды. Айталық, 1991 жылы әлем картасынан жоғалған КСРО және Норвегия, Венгрия елдерінде мұндай жетістігімен мақтана алатын жеті спортшыдан бар. Азия елдері арасында Жапония көш бастайды. Күн шығыс елінен бестен артық Олимпиада алтынын иеленген бес спортшы шыққан. Ал, Олимпиада ойындарында ең көп медаль алған спортшы ретінде спорт тарихында 38 жастағы америкалық Майкл Фелпстің есімі алтын әріптермен жазылған. Әйелдер арасында мұндай құрметке КСРО спортшысы 88 жастағы Лариса Латынина ие. Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін Олимпиада ойындарында ең көп алтын медаль алған спортшылардың алғашқы бестігіне тоқталады.