Жас отбасыларға арналған алты пайыздық ипотека

0
511

«Отбасы банкі» өзінің Instagram парақшасында «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасының шарттарымен таныстырды. Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады.

Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін келесі шарттарды орындау керек:

  • «Отбасы банкінде» депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау;
  • осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.

Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.

«Жас отбасы» бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес. Сондай-ақ, пәтерді жаңа үйден де, қолданыстағы үйден де таңдай алады. Жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдеуге мүмкіндік бар. Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here