Волейболдан өткен чемпионаттың қорытындысы шықты

0
296

Қарулы күштердің XIII Спартакиадасы аясында өткен жарыс армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде ұйымдастырылды. Сайысқа 400-ден аса әскери қызметші мен азаматтық персонал өкілдері қатысты. Екі құрамда өткен жарыста қырық команда ойнады. Бірінші құрамда Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінің спортшылары, ал екіншісінде – Қарулы күштердің бас басқармалары мен басқармалары, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелері жарысты.

Қорғаныс министрлігі аппараты басшысының орынбасары полковник Төлеген Бөлежанов қатысушыларды чемпионаттың аяқталуымен құттықтады.

– Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Есте қаларлық  көптеген жарқын, қызықты сәттер болды. Жеңіс барынша дайындалған және бірін-бірі жақсы ұғынатын мықты командаларға бұйырды. Алда волейболдан өтетін Қарулы күштердің чемпионатында жақсы нәтижелер күтеміз. Допты беруі мінсіз, ал комбинациялары нәтижелі болсын, – деді ол.

Бірінші құрамда Арнайы техникалық әзірлемелер бас басқармасының әскери қызметшілері жеңіске жетті, екінші орында Кадрлар департаменті, үшінші орын – Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығына бұйырды.

Екінші құрамда Әскери полиция бас басқармасының командасы үздік деп танылды. Екінші орынды 32039 әскери бөлімі, үшінші орынды Тыл бастығының басқармасы олжалады.

Чемпионат жақсы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here