Сенатор жылыжай саласын дамыту мәселелерін талқылады

0
575

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов өңірге сапары аясында Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан жылыжай кешенінде болды. Депутат осында өсетін өнімді өсіру мен сақтаудың, жылыжайды дамыту саласындағы жаңа технологияны пайдалану барысымен танысты.

Кездесу кезінде отандық жылыжай шаруашылығын одан әрі өркендетудің проблемалық мәселелері мен келешегі талқыланды. Осы саланы мемлекеттік қолдау саласы да қызу талқыланған тақырыптардың бірі болды.

Сенатор бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор депутаттық корпуспен бірлесіп мемлекеттік қолдау тетіктерін пысықтап жатқанын атап өтті.

«Сенат еліміздің Үкіметімен бірлесе отырып отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жалғастыра береді және ынтымақтастықтың жаңа нысандарын әзірлейтін болады», – деп атап өтті сенатор.

Депутат кездесу соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған заң шығару жұмысы туралы айтып берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here