Аягөз гарнизонында роталық тактикалық топтардың жаттығуы басталды

0
279

Аягөз гарнизонының танк құрамасындағы сабақтар жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Майлин» әскери оқу-жаттығу полигонында өткізіледі.

Оқытудың негізгі мақсаты – командирлер мен жеке құрамның кәсіби шеберлігін, сондай-ақ бөлімшелердің жауынгерлік тапсырманы орындау кезеңдеріндегі үйлесімділігін арттыру.

Бірлескен жаттығулар үш кезеңнен тұрады. Алдымен бөлімшелер дабылмен көтеріледі. Содан соң жеке құрам қойылған міндеттерді орындауға дайындалады. Соңғы кезеңде бөлімшелер мен экипаждар заңсыз қарулы құралымдарды жою операцияларына қатысады.

Үш сатылы жаттығу командирлердің біріккен топтарды басқару кезіндегі шеберлігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте бөлімшелер роталық тактикалық топтың құрамында жұмыс істеуді үйренетінін айта кету керек.

– Роталық тактикалық топтардың құрамы қойылған міндеттерге байланысты қалыптасады. Мотоатқыштар мен танк роталарына басқа жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелері берілуі мүмкін. Олар бірлесе марш жасай отырып, қорғаныс әдістерін, шабуылдарды және басқа да іс-қимылдарды пысықтайды, – деп түсіндірді бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Сағи Батырханов.

Сабақ барысында білім алушылар ротаның тірек пунктінің инженерлік жабдығы, РХБ-қорғау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерді қосымша орындайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here