Шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына көрсетілетін материалдық көмектер

0
1609

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты.

«Бұл мекемеде жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық еңбек шарты бар. Сол ұжымдық еңбек шарты бойынша қайтыс болғандардың отбасына 10 жылдық жалақысы төленеді. Қайғылы жағдайда қаза болғандардың отбасына пәтер беріледі, балаларының оқуға түсуіне жағдай жасалады. Өрттен зардап шеккен шахтерлерге де көмек көрсетіледі. Олардың сырқаттануына байланысты жәрдемақы 100 пайыз төленеді. Сауығып шыққанға дейін емдеу шығындарын компания толығымен өз мойнына алады. Егер одан кейін жазылмай, мүгедек болып қалса, онда әлеуметтік көмек көрсетіледі», – деп нақтылады Төлеген Оспанқұлов.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың  сөзінше, қазіргі уақытта шахтерлерге 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here