Сенаторлар ұлттық қауіпсіздік мәселелері туралы заңды талқылады

0
182

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет ету мәселесіне қатысты заңдарды талқылады.

Депутаттардың айтуынша, заң экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру мен үйлестіруді күшейтуге, қорғаныс-өнеркәсіп әлеуетін дамытуға, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаудағы шешім қабылдау процесінде айқындық пен ашықтықты арттыруға, мемлекеттік құпияларды қорғауды күшейтуге бағытталған.

Құжат сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыруды, оның ішінде атақтар беру, аттестаттаудан өту, жоғары оқу орындарында оқу тәртібін, қызметкерлердің қызметтік тәртібін және әлеуметтік қорғалуын арттыруды, сондай-ақ өткізу бекеттеріндегі шекаралық бақылау рәсімдерін жетілдіруге ықпал етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here