«Мәңгілік мұңның әуені» атты поэтикалық-музыкалық қойылымы

0
240

2023 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 19:00-де Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры белгілі ақын, бард, Қазақтың Сары Тентегі Қуаныш Мақсұтовтың «Мәңгілік мұңның әуені» атты поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады.

Халық арасында «Сары тентек» атанып, ел ықыласына бөленіп кеткен Қуаныш Мақсұтовтың биыл мерейлі 60 жас  мерейтойына орай «Мәңгілік мұңның әуені» поэтикалық-музыкалық қойылымының шығармаларын Музыкалық жас көрермен театры артистері орындап, кештің жақсы өтуіне ат салысады.

Аталған поэтикалық-музыкалық қойылымы көрерменге поэзия мен музыка әлеміне саяхаттауға мүмкіндік береді. 

Поэтикалық-музыкалық қойылымның қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Асхат Маемиров, кейіпкерлер мен орындаушылар театр артистері.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here