«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар ақпанда қабылдау басталады

0
273

Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар 1 ақпан сағат 9:00-ден 6 ақпан сағат 23.59 дейін қабылданады. Бұл туралы Астаны әкімдігінің Тұрғын үй қоры хабарлады.

Өтініштер birge.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде қабылданады. Биыл 80 тұрғын үй несиесін рәсімдеу жоспарланып отыр. 

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының шарттары:

  • қарыздың максималды сомасы – 18 млн теңге;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • қарыз бойынша мөлшерлеме – жылдық 5%;
  • несие мерзімі 25 жылға дейін.

Жалпы талаптар:

  • өтінім берген сәтте жасы 35-ке толмауы тиіс;
  • соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты үздіксіз атаулы тіркеудің болуы;
  • бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығымен тұрғын үйдің болмауы;
  • өтініш беру сәтіндегі қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;
  • жинақталған сомасы 1,8 млн теңгеден кем емес «Отбасы банкте» депозиттік шотының болуы;
  • отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы (260 442 теңге).

Қандай сала қызметкерлері қатыса алады:

  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • әлеуметтік сала;
  • ЖОО және ҒЗИ;
  • журналистер;
  • Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының / мекемелерінің бейінді қызметкерлері;
  • қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа толмаған ааматтар;
  • Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері;
  • Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here