Gorilla Winter Jungle спорттық-музыкалық фестивалі Шымбұлақта 7-ші рет өтеді

0
74

6-7 сәуір аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортының аумағында Gorilla Winter Jungle спорттық-музыкалық фестивалі өтеді. Бұл халықаралық жарыс – Қазақстандағы қысқы экстримнің басты шарасы, ол жыл сайын еліміздегі сноубординг пен тау шаңғысының дамуына зор үлесін қосып келеді. Жеті жылдық тарихында шара өз айналасында ауқымды қоғамдастық құрды.

2024 жылы Winter Jungle Шымбұлақ курортының дәл ортасында өтеді. Негізгі станция Алматы қаласының тұрғындарын, шетелдік туристер мен көрші елдерден келген қонақтарды жинайтын орталыққа айналады. Бұл 70-ші мерейтой маусымының соңғы аккорды болмақ. Фестиваль қонақтарын екі күндік спорттық және музыкалық бағдарлама күтеді.

Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады. Дәстүрлі Big Air, Jibbing және бәріне ұнаған The Battle бағыттарынан басқа жаңа жарыс пайда болды – ол Jungle Сross, арнайы трассада өтетін ұшып кету қаупі бар жарыс.

«Мен осы жылғы Winter Jungle-ден керемет көңіл-күйді, жаңа адамдарды және шарадан шабыт алып, одан әрі экстремалды спортпен айналысатын жарқын жастарды күтемін. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы экшн-спорт мәдениетін дамытуға үлес қосу!» – дейді Gorilla Winter Jungle фестивалінің продюсері Александр Кучура.

Қазақстандық райдерлардан бөлек жарысқа Ресей, Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербия елдерінен келген шаңғышылар мен сноубордшылар қатысады.

«Алғашында мені Қазақстанға шақырған кезде – мен не күтетінімді білмедім. Мен стандартты емес идеяларды жүзеге асыратын шаралардың үлкен жанкүйерімін және Gorilla Winter Jungle сөзсіз солардың бірі», – дейді Freeski жарысынан Польшаның 12 дүркін чемпионы, «The Battle» спорттық бағдарламасының басты шарасына шақырылған қатысушылардың бірі Sczepan Karpiel-Bulecka.

Халықаралық жарыстардан бөлек – фестиваль қонақтарын 20-дан астам әртістер мен диджейлардан құралған алуан түрлі жанрлардағы бай музыкалық бағдарлама күтеді. Фестивальдің басты сахнасындағы хедлайнерлер: бірінші күні LOVANDA дуэті, ал спорттық-музыкалық фестивальдің екінші күнінде хип-хоп әртіс КАССЕТА өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, 6-7 сәуірде Winter Jungle бағдарламасында жас аудиторияның талғамына сай келетін, қазақстандық тәуелсіз музыканың өкілдері – MENINDENIMSAW, RUSHA және ALON бар. Негізгі сахнаның лайн-апынан бөлек Cosmic Picnic және Vyhod – Алматы қаласының жетекші промо-командаларының күндізгі шоу-кейстері өтеді.

«Gorilla Winter Jungle – бұл жай ғана жарыс емес. Әртүрлі елдерден келген достардың жиналатын орны, керемет музыка мен атмосфера. Бұл шара жақын арада әлемдегі ең үлкен қауымдастыққа айналады деп үміттенемін!» – дейді «Gorilla» Брендінің амбассадоры, Қазақстанның жетекші инфлюенсерлерінің бірі Сәкен Кагаров.

https://winterjungle.com — жоба сайты

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here