Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам» атты секциясы аяқталды

0
498
Фото: Ұлттық құрылтайдың баспасөз қызметі

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам» атты секциясы аяқталды. Қатысушылар заң үстемдігі, халықтың құқықтық сауаты, әскердегі әлімжеттік, экологиялық мәдениет және тіл мен дін мәселесін қозғап, азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

 Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысының бірінші жұмыс секциялары барысында айтылған ұсыныстарға қатысты мәліметтермен бөлісті.

Аида Ғалымқызының атап өтуінше, пікірталас алаңы қызу өтіп, қатысушылар түрлі мәселені көтерді.

– Ұлттық құрылтайдың секциялық алаңдары мен жалпы отырысында талқыланатын барлық ұсыныс міндетті түрде жүзеге асырылады. Сондықтан мәселені талқылап қана қоймай, оны жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныс енгізу маңызды. Олардың белгілі бір салаға ықпал етері сөзсіз. Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам» және «Мәдениет. Өнер. Руханият» атты екі секциясының қорытындысында Ұлттық құрылтай мүшелерінен 120-дан астам ұсыныс енгізілді. Ұлттық құрылтай мүшелері нақты бір секциямен шектелмейтіндігін, олардың барлық секцияға қатысып, өз ұсыныстарын білдіре алатындығын атап өту маңызды, – деді министр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here